Операция сәтті өткен. Оның Қазақстанға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
«Хирургиялық ота Натал қаласындағы Сан-Рафаэл госпиталінде өтті. Операцияны дәрігерлер Освальдо Лара мен Родриго Брага жасады. Бәрі сәтті аяқталды. Енді Жоао Бразилияда оңалтудың алғашқы кезеңін бастайды. Кейін Қазақстанға оралып, клубтың медицина штабының бақылауымен қалпына келуді жалғастырады.
Көктемде бразилиялық шабуылшымыз ауыр жарақат алып, айқыш байламын үзіп алғанын есіңізге саламыз», — деп жазды «Қайраттың» баспасөз қызметі.
Еске салайық, алматылық «Қайрат» клубы былтырғы маусымда ел чемпионы атанған. Қазір клуб турнирлік кестенің екінші сатысында келеді.
Фото: Қайрат ФК.