Goal.com порталы Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі мүмкіндіктерін саралап, басты үміт қай матчта екенін атап өтті, деп жазады Аладоп.kz.
«Қайрат” өзінің тарихи дебютін 18-19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда «Спортингке” қарсы өткізеді. Көпшілік сарапшылар бұған дейін-ақ Алматылықтардың топтық кезеңге шығуына күмәнмен қараған еді. Өйткені плей-офф кезеңінде оларға Еуропада тәжірибесі мол «Селтик” түскен болатын.
Бірақ «Қайрат” барша сыншыларды таңғалдырды. 210 минут бойы Шотланд чемпиондарының шабуылына төтеп беріп, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Алматылықтар нағыз ерлік көрсетіп, пенальти сериясында жеңіске жетті.
Алайда енді қарсыластар деңгейі мүлде басқа, «Қайратты» «Спортинг”, «Копенгаген” және тәжірибелі Еуропалық командалары күтіп тұр. Сарапшылардың пікірінше, плей-оффқа өту өте қиын, ал шынайы үміт үшінші турда «Пафосқа” қарсы ойында болмақ. Сол матч «Қайраттың” жалпы турнирдегі тағдырын шешуі мүмкін.
Бұл Алматылық клуб үшін тек футбол емес, нағыз сынақ. Қазақстандық жанкүйерлер енді команданың Еуропадағы әр қадамын үмітпен тамашалайды.” – деп жазды сайт.