“Олимпиакос” командасы Грекия Суперкубогының 5-дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды aladop.kz.
Пирейлік ұжым финалда ОФИ ұжымын 3:0 есебімен жеңді. Матч барысында “Олимпиакос” сапынан Мехди Тареми (пенальти), Юсуф Языджи, Алексис Калегеропулос гол соқты. Негізі ойын есебі 4:0-менде аяқталуы мүмкін еді. Алайда жас вундеркинд Христос Музакитистің голы ереже бұзылуына байланысты есепке алынбады.
Айта кетейік, Хосе Мендлибар командасы араға 18 жыл салып, Грекия Суперкубогын Пирей жеріне қайтып әкелді.
Еске салсақ, өткен 2025 жылдың 9 желтоқсанында “Олимпиакос” “Қайрат” ұжымын өз алаңында 0:1 есебімен жеңген болатын. Кездесудегі жалғыз голды сол кезде Желсон Мартинш соқты.














