Екінші минуттардан-ақ «Қайрат» қарқынды бастады: 5-минутта Жоржиньо есеп ашты, ал 31-минутта сол Жоржиньоның пасынан кейін Александр Мрынский тағы бір гол соғып, командасының басымдығын күшейтті.
Бұған дейін Люблянада өткен алғашқы кездесуде қос команда 1:1 болып тең түскен еді. Ол ойында «Қайраттың» атынан небәрі 16 жастағы Дастан Сатпаев гол салып, тарихқа ең жас қазақстандық футболшы ретінде енді – ол Чемпиондар лигасында дебют жасап, бірден гол соқты.
Енді алматылықтар келесі айналымда Финляндияның КуПС немесе Молдованың «Милсами» командаларының біреуімен кездеседі.
Фото: instagram.com/f.c.kairat.