Алматылықтар Санкт-Петербург қаласында «Зенитке» қарсы жолдастық кездесу өткізетінін ресми түрде хабарлады, дейді penalty.kz.
«Қайрат» клубының баспасөз қызметі бұл ойынның екі команда арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ матч командаларға маусымдық қарқынды сақтап, ойын ырғағын жоғалтпауға көмектеседі.
Еске салайық, «Қайрат» биыл УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысып, плей-оффқа өте алмады.
Санкт-Петербургтік клуб сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.
Фото: instagram/@f.c.kairat.














