«Қайрат» футбол клубының «Нефтчи» және «Вараждинмен» өтетін бақылау матчтары жабық режимде өтеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында команда екі бақылау кездесуін өткізеді.
— Ертең Алматы уақытымен сағат 18:00–де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00–де өтеді. Матчтардың тікелей трансляциясы жоспарланбаған, — делінген «Қайрат» футбол клубы таратқан ақпаратта.
Фото: «Қайрат» футбол клубы.














