7 наурыз күні Чемпиондар лигасы аясында шешуші ойын өткізеді, деп жазады penalty.kz.
Команда Валенсияға қонды
Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Испанияға келген сәттен фотосуреттер жариялады. Кадрларда футзалшылардың Валенсия әуежайынан шығып, командалық автобусқа бет алғаны көрсетілген.
Клубтың хабарламасында:
«Аман-есен Испанияның Валенсия қаласына жеттік. Енді автобуспен Картахена қаласына жол тартамыз», – делінген.
Алғашқы матчта «Қайрат» жеңілді
Командалар арасындағы алғашқы кездесу 23 ақпанда Алматыда өтті. Сол матчта испаниялық «Картахена» клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Чемпиондар лигасының ширек финалындағы шешуші ойын 7 наурыз күні Картахена қаласында өтеді. Бұл матчта жеңіске жеткен команда турнирдің жартылай финалына жолдама алады.
Фото: Sports24.kz.














