Алматының «Қайрат» клубы жанкүйерлерін қуантқан сенсация жасап, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл жетістік Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға болды, деп жазады penalty.kz.
Іріктеудегі жолы
Алматылық команда топтық кезеңге дейін бірқатар мықты қарсыластарды жарыстан шығарды:
- «Олимпия» (Словения) — қос ойын қорытындысы 3:1
- КуПС (Финляндия) — 3:2
- «Слован» (Словакия) — 1:1 (пенальтиде 4:3)
- «Селтик» (Шотландия) — 0:0 (пенальтиде 3:2)
Осы нәтижелердің арқасында «Қайрат» негізгі кезеңге жолдама алды.
Қаржылай табыс
UEFA ережесіне сәйкес, топтық кезеңге шыққан клубтар қомақты сыйақы алады. «Қайраттың» табысы – 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге).
Бұдан бөлек, топтық кезеңдегі әр нәтиже де клубтың табысын еселейді:
- Жеңіс үшін — 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге)
- Тең ойын үшін — 700 мың еуро (436 миллион теңге)
Фото: instagram/@f.c.kairat.