Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлық рейтингі ескерілген.
Қазақстан клубтарының ішінде ең жоғары орынды алматылық «Қайрат» иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.
Әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб кірді. Олар: «Астана» – 591-орын, «Тобыл» – 877-орын және «Ақтөбе» – 963-орын.
Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары:
- «Қайрат» – 486 (+24)
- «Астана» – 591 (-16)
- «Тобыл» – 877 (-34)
- «Ақтөбе» – 963 (-22)
- «Елімай» – 1032 (-31)
- «Ордабасы» – 1141 (+108)
- «Жеңіс» – 1500 (-109)
- «Оқжетпес» – 1629 (+198)
- «Қызылжар» – 1687 (-81)
- «Қайсар» – 1838 (+60)
- «Каспий» – 1912 (-162)
- «Атырау» – 1939 (+45)
- «Ертіс» – 1957 (-7)
- «Алтай» – 2087 (+82)
- «Ұлытау» – 2323 (+130)
- «Жетісу» — 2382 (+98).
Фото: «Қайраттың» баспасөз қызметі.














