• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 20 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

ПСЖ-ның басты қаһарманы жайлы қызықты 15 дерек

19 жастағы вингер Дезире Дуэ – футбол сүйер қауымның жаңа жұлдызы

02/06/2025
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Рыбакина Ига Швентектен жеңіліп, «Ролан Гарросты» аяқтады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
ПСЖ-ның финалдағы ойынында қаһарман деген атаққа дәл осы 19 жастағы вингер Дезире Дуэ лайық болғаны анық. Ол құрамда Брэдли Барколяны негізгі құрамнан ығыстырып, «Интерге» қарсы кездесуде бастапқы минуттардан алаңға шықты. Жай шыққан жоқ, жарқ етті. 12-минутта Ашраф Хакими нәтижелі пас берсе, арада сегіз минут өткен соң өзі де гол соғып, оны Килиан Мбаппе стилінде тойлады, деп жазады 1bol.kz.

63-минутта Витиньяның әдемі пасынан кейін Дуэ тағы да мергендік танытып, есепті 3:0-ге жеткізді. Голдан соң жейдесін шешкені үшін сары қағаз алды, бірақ ол уақытта мұның ешқандай маңызы жоқ-тын. Сөйте тұра бас бапкер Луис Энрике оны алмастыру туралы шешім қабылдады. Тәуекелге барғысы келмеген болар. Есесіне Дуэ алаңнан жарық жұлдыздай кете барды. Бұл заңды да. Себебі үш жыл бұрын бұл есімді ешкім білмейтін.

Ендеше, өзіне әлем назарын аудартқан футболшы жайлы 15 дерекке көз жүгіртіп, жақынырақ таныссақ.

1. Дезире Францияның Анже қаласында дүниеге келген. Анасы – француз, әкесі  Кот-д’Ивуар тумасы. Әкесі ұлына қарапайымдылық пен сабырлылықты үйреткен. Ал Дуэнің басты арманы Франция құрамасында ойнап, чемпион атану.

2. Дуэ спортшылар отбасынан шыққан. Ағасы Гела Дуэ «Ренн» академиясының қарауында болған, қазір «Страсбург» клубында сол жақ қорғаушы. Бөлесі Янн Гбоо – «Тулуза» ойыншысы, кәсіби жолын ол да «Реннде» бастаған. Тағы бір туысы Нумандьез Дуэ – Кот-д’Ивуарда футбол төрешісі. Ал Марк-Оливье Дуэ Испанияның үшінші лигасындағы «Понферрадинада» ойнайды.

3. Дуэнің әкесі – бұрынғы боксшы. Бұл қасиет Дезиреге де берілгені көрініп тұрады. Мамандар оның бала кезінен-ақ ересек деңгейде физикалық қарсылық көрсетуге қабілетті болғанын айтады. Соның арқасында қарсыластарын шеберлікпен емес, тікелей дриблингпен, күшпен айналып өтетін ойыншы.

4. Ағасы Гела – Дезире үшін өте жақын адам. Дуэ: «Екеуміз егіз сияқтымыз. Бір-бірімізге бәрін айтамыз. Ол мені үнемі қолдап отырады», – дейді.

5.  Оның футболдағы кумирлері – Неймар мен Лионель Месси. «Олар маған армандауға жол ашты», – дейді Дуэ.

6. Ол бес жасында «Ренн» академиясына қабылданып, он жылдан кейін қосалқы құрамға қосылды. Бастапқыда допты тым ұзақ ұстайтыны үшін жиі сын естігенімен, уақыт өте келе бұл қателіктерін түзеп, бапкерлердің көңілінен шыққан футболшыға айналды.

7. Бапкерінің қорғанысқа бет бұру туралы тапсырмасы ұнамай қалса керек, 11 жасында футболдан кетемін деп ойлаған. Әкесі бір сұхбатында сол кезде ұлының футбол ойнағысы келмей қалғанын айтып еді. Бірақ отбасымен сөйлесіп, сүйікті спортын жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

8. 17 жасында «Ренннің» негізгі құрамына өтті. 2022 жылы жазда «Лорьянмен» өткен матчта алғаш рет алаңға шықты, ал үшінші матчта «Брестке» қарсы алғашқы голын соқты.

9.  2022 жылғы қазанда Киевтің «Динамосына» алғашқы голын соғып, еурокубоктың клубтық турнирлерінде гол соққан ең жас француз атанды – 17 жас, 4 ай және 3 күн.

10. Бапкер Бруно Женезьо Дуэнің талантын бірінші болып танығанымен, араларында келіспеушіліктер де жиі болған. 2023 жылы «Лионмен» ойында «ол команданы ойламайды» деп ашуланған маман футболшыны 17-минутта алмастырады.

11. Бірақ Дуэ тез есейді, бұған дейінгі сындардан сабақ алғанын дәлелдеп, келесі маусымда тұрақты түрде ойнады. Жаңа бапкер Жюльен Стефан да оған сенім арта бастады.

12. 2024 жылғы жазда Дуэні «Бавария» мен «ПСЖ» қатарларынан көргісі келді. Мюнхендік клуб өкілдері тіпті жас футболшының отбасымен хабарласқан. Бірақ Дуэ Олимпиада финалынан кейін ПСЖ-ны таңдады.

13. Дезире ПСЖ-ның Уоррен Заир-Эмери мен Брэдли Барколя сияқты жастарға сенім артып отырғанын көріп, содан шабыттанды. Уақыт бұл шешімнің дұрыс болғанын дәлелдеді.

14. 14-нөмірді таңдауы да бекер емес. Өзі еліктейтін Блез Матюидидің құрметіне алған: «Оның ойында барын салатыны ерекше ұнайтын» дейді Дуэ. Жаңа клубында алғашында қосалқы құрамда болғанымен, көп ұзамай бас бапкер Энрикенің сеніміне ие болып, Барколяны ығыстырды.

15. Биылғы маусымда Дуэ ПСЖ сапында барлық турнирде 15 гол соғып, 16 нәтижелі пас беріп үлгерді. 19 жас 11 ай 28 күнде Чемпиондар лигасының финалында екі гоқты. Еуропаның басты клубтық турнирінің финалында гол соққан ең жас футболшылар Карлос Альберто («Порту») мен Патрик Клюйверттен («Аякс») кейінгі орында тұр.

Айтпақшы, «Дезире» есімі француз тілінен аударғанда «қалау» дегенді білдірсе, «Дуэ» «дарынды» деген мағынаны білдіреді. Ендеше, футболшының дәл осылай жасындай жарқырауы заңдылық секілді.

Фото: Getty images.

Tags: UEFA Чемпиондар лигасыДезире ДуэПСЖ
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Рыбакина Ига Швентектен жеңіліп, «Ролан Гарросты» аяқтады

Тағы бір бокс аңызы өмірден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Ең көп оқылған

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In