• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

«Популизм»: Саян Хамитжанов депутат Самат Нұртазаның мәлімдемесін сынады

Хамитжанов Қазақстан УЕФА-ға ауыспай, Азия қалуы керек деген сыңайдағы пікірлерге де жауап берді

19/06/2025
in Енді не істейміз?, Ұзынқұлақ, Футбол
0 0
0
Ақтау әкімі Нұралы Әліпке алғыс айтты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Танымал футбол функционері Саян Хамитжанов Өзбекстанды әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтап, қазақ және өзбек футболының даму жолдарын салыстырды, деп жазады 1bol.kz.

«Өзбекстанды тарихи жетістігімен, яғни әлем чемпионатына жолдама алуымен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл елде менің көптеген достарым бар, ұлттық құрама мен жаттықтырушылар құрамында да Қазақстан футболына жақын азаматтар көп», — деді ол.

Хамитжанов Қазақстан УЕФА-ға ауыспай, Азия қалуы керек деген сыңайдағы пікірлерге де жауап берді. Ол Өзбекстанның бұл табысқа кешенді атқарылған жұмыс нәтижесінде жеткенін тілге тиек етті.

«Бұл — таза популизм. Азияға оралу ештеңеге кепілдік бермейді. Өз күшімізді асыра бағалап, Азия құрамаларынан бір саты жоғары екенбіз деп ойлаудың қажеті жоқ. Өзбекстан бұл жетістікке әлсіз қарсыластардың арқасында емес, нақты әрі ауқымды жұмыс нәтижесінде жетті. Елде футболды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, футболға инвестиция салатын демеушілерге салықтық жеңілдіктер қарастырылды, соңғы жылдары жеті жаңа стадион салынды. Соның арқасында олар жастар арасында Азия кубогын жеңіп алды, жастар құрамасы әлем чемпионатына шықты, Олимпиадаға жолдама алды, енді ересектер құрамасы да 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

УЕФА-ға келер болсақ, Қазақстан үшін Еуропаның мықты құрамаларымен жыл сайын ойнау – үлкен мүмкіндік. Бұл бізге бәсекелестік ортада тәжірибе жинауға көмектеседі. Егер УЕФА Өзбекстан мен басқа да Азия елдеріне есік ашса, олар бір сәт те ойланбастан келісер еді. Бұған мысал – Сауд Арабиясы футбол федерациясының УЕФА-ға ел чемпионын Чемпиондар лигасына қосу жөніндегі ұсынысы. Олар бұл жоба үшін миллиардтаған доллар бөлуге дайын болған», — деді функционер.

Сонымен қатар ұлттық құрама беделді турнирлерге қашан қатысатыны жайлы ойын да ортаға салды.

«Қазақстан футболы дамуы үшін Еуропа құрамаларымен ойнағанға мәз болып жүру жеткіліксіз, жүйелі жұмыс қажет. Өзбекстанның 2018 жылы қабылдаған және 2030 жылға дейін күшінде болатын мемлекеттік бағдарламасы секілді кешенді жоспар бізге де ауадай қажет. Футболдағы мәселелер кешенді түрде шешілмесе, біздің Еуро немесе әлем чемпионатына қатысу жайлы арманымыз арман күйінде қалады. Қазір қазақстандық футболдың алдында тарихи мүмкіндік тұр. Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет президентіміз бұл салаға айрықша көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы футболды дамыту туралы мәселені құрылтайда көтеріп, өңір әкімдеріне стадиондар салу туралы нақты тапсырмалар берді. Қазірдің өзінде бірқатар облыста жаңа футбол инфрақұрылымы бой көтеріп жатыр.

Сондықтан Қазақстан футбол федерациясының басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламаның жобасын дайындау. Президентіміз бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін. Өйткені футбол – Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде нөмір бірінші спорт. Ол халықтың барлық буынына спорт арқылы серпін беретін, қоғамды біріктіретін мықты құрал. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалану – біздің қолымызда. Егер оны дер кезінде тиімді қолданбасақ, бұл үлкен қателік болады», — деді Саян Хамитжанов.

Коллаж: 1bol.kz.

Tags: UEFAӘЧ-2026Қазақстан ұлттық құрамасыӨзбекстан ұлттық құрамасыСаян Хамитжанов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ақтау әкімі Нұралы Әліпке алғыс айтты

Семсерлесуден сенсация: Вадим Шарлаимов Олимпиада чемпионын жеңді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In