Әзербайжан кубогының ширек финалындағы қарымта кездесуде «Габала» мен «Сабах» ұжымдары нағыз голдар шоуын көрсетті. Алғашқы ойында есеп ашылмағандықтан (0:0), бұл матчтың маңызы екі есе жоғары болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойынның негізгі уақыты аса тартысты өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Қос команда қосымша уақытта да бір-бір голдан алмасып, таблодағы көрсеткіш 3:3-ке жетті.
«Габала” сапынан Адриэль (48′) және дубль жасаған И. Акинаде (88′, 90′) көзге түсті.
«Сабах» сапынан Н. Әлиев (50′) пен экстра-таймдағы голдардың авторы Н. Рашидов (115’, 117′) мергендік танытты.
Жеңімпазды анықтау үшін орындалған пенальти сериясында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов нағыз батыр атанды. Ол қарсыластың екі соққысын қайтарып, командасына 4:2 есебімен жеңіс сыйлады. Осылайша, Покатиловтың шеберлігі «Сабахты” турнирдің жартылай финалына алып шықты.
Бұл екі клуб биылғы маусымда жиі кездесуде. Соңғы нәтижелер «Сабахтың” басымдығын көрсетіп отыр.
– 05.03.2026 (Кубок): «Габала 3-3” Сабах (пенальти сериясында 2-4)
– 16.02.2026 (Премьер лига): «Габала» 0-1 «Сабах»
– 04.02.2026 (Кубок): «Сабах» 0-0 «Габала»
– 03.11.2025 (Премьер лига): «Сабах” 1:0 «Габала»














