• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне мемлекет әліге дейін ақшасын бермеген – БАҚ

Парижде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды

24 апреля, 2025
in Ей, бұларың не?, Олимпиада
0 0
0
Әйгілі боксшы Амир Хан Астанада Мерей Ақшаловпен кездесті
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының аяқталғанына тоғыз айдан астам уақыт өтті. Алайда француз жерінде ел намысын қорғаған Қазақстан спортшыларына мемлекет тарапынан уәде етілген сыйақылар әлі күнге дейін берілмеген. Бұл туралы Олимпиада қатысушыларының бірі «Дядя Ваня» басылымына хабарлаған, деп жазады 1bol.kz.

Еске салсақ, Парижде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Олимпиада жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы үкіметі тарапынан қомақты қаржылай сыйақы қарастырылған. Ел заңнамасына сәйкес, 4-6-орын алған спортшыларға да ақшалай ынталандыру қарастырылған.

Бұған дейін Париж Олимпиадасы қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар $1,096 миллион табыс тапқаны туралы болжам жасалған. Дәл осындай сома спортшыларды дайындаған бапкерлерге де берілуі тиіс. Барлығы $2,192 миллион немесе қазіргі бағаммен 1,145 миллиард теңге төленуі керек. Алайда бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.

«Олимпиадаға қатысқан спортшылардың ешқайсысы әзірге бір тиын да алған жоқ. Қашан берілетіні жайлы нақты мерзім де айтылмайды. Ұлттық спорт федерациялары үнсіз. «Ақша жоқ, шыдай тұрыңыздар» дегеннен әрі аспай жатыр», – дейді белгілі спортшы.

Олимпиадашының айтуынша, сыйақыларды кешіктіріп беру мәселесі соңғы бірнеше жылда жиілеп кеткен. Бұрын, Токио-2020 Олимпиадасына дейін, қаржы мәселелеріне Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті жауапты болған. Кейіннен қаржыландыру ҚР Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне өткен.

«Бұрын сыйақы алу әлдеқайда жеңіл болатын. Мысалы, Токио-2020 ойындарынан кейін әр федерация өз спортшыларының тізімін жасап, ҰОК-ке жолдайтын. Бір апта ішінде ақша карточкаға түсетін. Ал министрлікке ауысқалы бұл процесс тым күрделеніп кетті. Өзіңіз ойлап көріңіз: 2023 жылдың қазанында Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары өтті. Астанадан барлық жүлдегер мен жаттықтырушыларды бір тізіммен жолдаңдар деген бұйрық келді. Бірақ тізім жасалған соң, «неге пәленше бапкер кірмей қалған?» деген секілді даулар туындап, ақыры сыйақыларды бір жылдан аса күтуге тура келді. Азия ойындарынан соң берілуі тиіс сыйақыны біз Париж Олимпиадасынан кейін бірнеше ай өткенде ғана алдық», – дейді дереккөз.

Париж-2024 Олимпиадасында жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар:

Алтын ($250 000): Елдос Сметов (дзюдо)

Күміс (әрқайсысы – $150 000): Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадыраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс)

Қола (әрқайсысы – $75 000): Александра Ле және Ислам Сәтпаев (нысананы дәлдеу ату), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Назым Қызайбай (бокс)

4-орын ($30 000): жоқ

5-орын (әрқайсысы – $10 000): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов (барлығы – бокс), Абиба Әбужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Әмір Маймұратов (спорттық өрмелеу)

6-орын (әрқайсысы – $5 000): Александра Ле (нысананы дәлдеу ату), Руслан Құрбанов (жекелей семсерлесу), сондай-ақ командалық семсерлесуден Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.

Фото: ҰОК.

Tags: Абиба ӘбужақыноваҒұсман ҚырғызбаевНазым ҚызайбайНариман ҚұрбановПариж олимпиадасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Әйгілі боксшы Амир Хан Астанада Мерей Ақшаловпен кездесті

«Абьюзер». Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In