Хорватияда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде қазақстандық балуандардың барлығы жүлдеге жетпей сүрінді.
Соңғы жылдары Жамила Бақбергенова құраманы сүйреді. Барған әр жарыстан жүлдесіз қайтқан емес. 4 жыл қатарынан әлем чемпионатында жүлделі орыннан көрінді. Жәмила осы жолы жүлдеге іліне алмады. Не дегенмен Жәмилаға реніш жоқ.
Осы жолғы сәтсіздікке тікелей кінәлі бас бапкер Қайрат Сағадиев. Бұған дейін Жамиланың әр жетістігімен Қайрат Сағадиев құраманың жыртығын жамап келген.
Қайрат Сағадиев жаман бапкер емес. Кезіндегі жетістігі бір төбе.
Олимпиадалық нәтижелерді алатын болсақ – әйелдер күресінен Қазақстан тарихындағы ең үздік жаттықтырушы. Риода оның жетекшілігімен құрама бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.
Сағадиев қанша мықты болсада Париж Олимпиадасына лицензиясыз қалған. Сондай-ақ, көп жарыстарда бірнеше балуанның жеке шеберліктерінің арқасында құрама жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. Жалпы айтқанда қазіргі бапкерд ң соңғы 3-4 жылдардағы жұмысын өте төмен деп бағалауға болады. Ол бапкер құраманы биікке жеткізгенді қойып, өзі бірде-бір жеке шәкірт дайындап, құрамаға қоса алмады.
Қысқасы, Сағадиев әйелдер күресіне дұрыс көңіл бөлмегендік. Баяғыдан бері жүйелі жұмыс жасамағындықтың нәтижесі. Ол жаңа жүйе құрып, кереметтей жұмыс жасаған болса бүгінгідей өте төмен көрсеткіш болмас еді.
Бұған дейін спорт саласында, соның ішінде күрестегі баяғы жүйе, ескі тәсіл өз нәтижесін бергенін айттық.
Сөздің қысқасы, Қайрат мырзаның ұяты болса енді өз еркемен кетуі керек…
Фото: olympic.kz.