• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

«Ордабасының» бас бапкері Седнев 18 млн евро жалақы алады

Төрт жылда клубта 138 адам жұмыс істеген

18/07/2024
in Ей, бұларың не?, Футбол
0 0
0
«Ордабасының» бас бапкері Седнев 18 млн евро жалақы алады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» клубы кеше молдовалық «Петрокубтан» ұятты жағдайда ұтылды, деп жазады 1bol.kz.

Қарсылас команда негізінен жергілікті ойыншыларға сенім артады. Оның үстіне ауыл командасы. Ал «Ордабасы» футболшылары мен бапкеріне миллиондаған жалақы төлейтін болып шықты. Клубтың футболшылары мен бапкерлері 2019-2023 жылдар аралығында қанша табыс тапқаны анықталды.

Әкімшілік-басқару қызметкерлерін есептемегенде, төрт жылда клубта 138 адам жұмыс істеген — 98 қазақстандық және 40 шетелдік. Осы уақыт аралығында олар барлығы 11,7 миллиард теңге алған. Шетелдік алты бапкер жергілікті 46 әріптесіне қарағанда әлдеқайда көбірек табыс тапқан. Шетелдік мамандар 1,27 миллиард теңге алса, отандық бапкерлер 737 миллион теңге алған.

Шымкенттіктердің бұрынғы бапкері Кахабер Цхададзе екі жарым жылда қалтасын 449 500 еуроға қомпайтқан. Грузиннің айлығы 29 400 еуроны құраған.

«Ордабасының» қазіргі бапкері Александр Седнев шамамен 18 500 еуро алады. Бүгінге дейін белорус маманы 584 500 еуро алған.

Футболшыларға келсек, 34 легионерге – 4,13 миллиард теңге, 52 қазақстандыққа 5,56 миллиард теңге берілген.

2018 жылдан 2023 жылға дейін командада өнер көрсеткен сенегалдық хавбек Абдулай Диакате 481 миллион теңге табыс тапты. Бірінші келісімшартта шамамен 9 миллион теңге жалақы қарастырылған. Алайда 2021 жылы оның жалақысы 11,7 миллион теңгеге дейін өсті. Жартылай қорғаушы бонус ретінде тағы 28 миллион теңге алды.

Тағы бір шетелдік Жуан Паулудың да келісімшартында қомақты қаржы көрсетілген. Алматының «Қайратына» ауысқанға дейін ол «Ордабасында» айына шамамен 13 миллион теңге алатын.

2022 жылы футболшылардың ай сайынғы жалақысы 2 миллион теңге болатын еңбек шарттарын жасасу тәжірибесі енгізілді, ол түрлі өтемақы төлемдері арқылы жалақыны 12 есеге, яғни 287 миллион теңгеге дейін арттырады.

Жаңа жүйе бойынша, тағы үш легионердің келісімшарттары мынадай еді:

Бразилиялық қорғаушы Мауро Джуниор айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 19,7 миллион теңге алды (бонустардың жалпы сомасы 97 миллион теңге). Көзделген қосымша ақылар: ҚПЛ чемпиондығы үшін — 25 миллион, Қазақстан Кубогындағы жеңісі үшін — 9 миллион теңге, Конференциялар лигасына қатысу құқығына ие болғаны үшін — 50,3 миллион теңге, аталған турнирдің келесі раундына өткені үшін — 5 миллион теңге.

Өзбек шабуылшысы Бобур Абдихоликов айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 14,6 миллион теңге (бонустардың жалпы сомасы 146,66 миллион теңге).

Украиналық форвард Артем Беседин – айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 17,9 миллион теңге (бонустардың жалпы сомасы 287 миллион теңге). Қосымша төлемдер: ҚПЛ чемпионаты үшін – 12 миллион, Қазақстан Кубогындағы жеңісі үшін – 7,4 миллион теңге, УЕФА конференциялар лигасының 3-турына өткені үшін – 9,9 миллион теңге, КЛ плей-офф кезеңіне өткені үшін – 14,9 миллион теңге, КЛ топтық кезеңіне өткені үшін — 24,9 миллион, «гол+пас» жүйесі бойынша 10 ұпайға – 7,4 миллион теңге, 15 ұпайға – 9,9 миллион теңге, 20 ұпайға – 9,9 миллион теңге.

Фото: ©ФК «Ордабасы».

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды»

"Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In