Шымкенттік «Ордабасы» түркиялық «Башакшехирдің» португалиялық жартылай қорғаушысы Мигель Креспоға белсенді түрде қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда тараптар арасында ықтимал трансфер бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған дейін 29 жастағы футболшы португалиялық «Брага» мен «Эшторилде» өнер көрсетіп, түркиялық «Фенербахченің» намысын қорғаған. 2023/24 жылғы маусымда Креспо испаниялық Ла Лигада ойнап, «Райо Вальекано» құрамында 15 матч өткізді.
Португалиялық ойыншының трансферлік құны 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр.
Еске салайық, бірінші турда «Ордабасы» «Ертіспен» тең түскен болатын (2:2).
Фотода: Мигель Креспо.














