Ұланбатырда өтіп жатқан құрлық біріншілігінде отандық былғары қолғап шебері 60 келіде сынға түсіп, алғашқы жекпе-жегінде Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконнан басым түсті.
Оразбек Асылқұлов жекпе-жек бойы қарсыласын дәл соққыларымен күтіп алып отырды. Жекпе-жек нәтижесінде ол 5:0 есебімен басым түсті. Енді ол келесі кездесуін Жапония боксшысы Шунсуке Китамотоға қарсы өткізеді.
Бұған дейін әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 кг), Элина Базарова (54 кг), Римма Волосенко (60 кг) шаршы алаңға шығып, есе жіберді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.














