• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Оралда қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында 470-ке жуық балуан бақ сынап жатыр

Чемпионат бәсекелестіктің күшейе түскенін көрсетті

16/04/2025
in Ұлттық спорт
0 0
0
Оралда қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында 470-ке жуық балуан бақ сынап жатыр
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Орал қаласында «Жайық арена» спорт кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионатында екі күннің қорытындысы бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды, деп жазады ҚазАҚпарат.

Айтулы додаға Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 2005–2007 жылғы 468 балуан қатысып, бақ сынап жатыр.

Жарыстың ашылу салтанатында БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

— Ұлттық спортты дамытуға бәріміз де мүдделіміз. Осы жарыста Батыс Қазақстан облысынан бірнеше жеңімпаз шығып жатса, әлем немесе Азия чемпионатын өткізуді мойнымызға аламыз, — деді Б.Сәбитов.

Жарыстың алғашқы күні мына балуандар жүлдеге ілікті.

Қыздар:

60 кг

1.Ақбота Сматали (Жетісу облысы),

2.Айару Тілеубаева (Қостанай),

3.Жұпаркүл Ізтаева (Түркістан),

3.Аружан Сейітқасым (Түркістан).

65 кг

1.Аяулым Балғабаева (Жамбыл),

2.Сезім Өтеулі (Жамбыл),

3. Сабина Әлібек (Шымкент),

3.Саяжан Өзбек (Жетісу).

70 кг

1.Ақбота Қыдырәлі (Түркістан),

2.Гүлнұр Рсынхан (Түркістан),

3.Шұғыла Мақсатқызы (Алматы облысы),

3.Дария Забильская (БҚО).

+70 кг

1.Наргиз Оразбекова (Астана),

2.Ләззат Оразбек (Шымкент),

3.Сабина Құлымбетова (БҚО),

3.Анель Рамазанова (Абай).

Ұлдар:

90 кг

1.Ерасыл Мержанов (Абай),

2.Бейсет Полша (Қарағанды),

3.Шахнияз Ағыбаев (Қостанай),

3. Сабырбек Кемелбек (Жамбыл).

100 кг

1.Ердәулет Қалмырза (Түркістан),

2.Эльнар Жанболатұлы (БҚО),

3.Әлімжан Қыбышев (Қарағанды),

3.Айдар Әділжан (Алматы облысы).

+100 кг

1.Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан),

2.Олжас Базарбай (Шымкент),

3.Қажымұхан Төре (Астана),

3.Ерасыл Нұрахметов (Абай).

Чемпионаттың екінші күнінде батысқазақстандық Эльнара Анарбекқызы жергілікті жанкүйерлерді қуантып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Сонымен, екінші күннің қорытындылары мынадай болды.

Қыздар:

44 кг

1.Жансая Таджимова (Қызылорда),

2.Қарақат Рахыбай (Жетісу),

3.Шолпан Алтынбек (Түркістан),

3.Бақыт Өмірбекова (Абай).

48 кг

1.Эльнара Анарбекқызы (БҚО),

2.Томирис Тоқмұрзина (Астана),

3.Томирис Рахметова (Жамбыл),

3.Кәмила Алтыбайқызы (Маңғыстау).

52 кг

1.Алира Шегелекова (Абай),

2.Сандуғаш Темірбек (Ақмола),

3. Эвелина Баёва (Қостанай),

3.Гүлназ Кәкенова (Ұлытау).

56 кг

1.Гүлназ Өмірбек (Түркістан),

2.Сезім Саламат (Маңғыстау),

3.Мәдина Мадиярқызы (Ақмола),

3.Анель Амангелдинова (Абай).

Ұлдар:

72 кг

1.Ерасыл Бақдәулет (Жамбыл),

2.Нұржол Бақытханұлы (Павлодар),

3.Асар Саматұлы (Ақтөбе),

3.Данил Кнестиков (Қарағанды).

78 кг

1.Бекзат Мақсұтов (Абай),

2.Мансұр Темірхан (Жамбыл),

3.Дәрусейтхан Темірхан (Түркістан),

3.Әли Дүйсенбай (Алматы облысы).

84 кг

1.Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы (Абай),

2.Әли Әлімби (Жамбыл),

3.Серіжан Сағиев (Ұлытау),

3.Бауыржан Шайхыслам (Шымкент).

16 сәуір күні қалған салмақ дәрежелері және «Түйе балуан» санаты бойынша жеңімпаздар анықталады.

БҚО қазақ күресі қауымдастығының президенті Әсет Сұлтанұлының айтуынша, чемпионат бәсекелестіктің күшейе түскенін көрсетті.

— Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында қазақ күресі мектебі әуелден қалыптасқан. Бірқатар өңірлерде күрестің кенжелеп қалғаны жасырын емес. Мақсат — ұлттық спорт деңгейін көтеру. Биыл қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты Үндістан астанасы Делиде өтті. Дегенмен Делиде кейбір себептерге байланысты жасөспірімдер мен жастар арасында өткізе алмадық. Болашақта соның орнын толтырсақ па дейміз. Мемлекет басшысы, Туризм және спорт министрлігі тарапынан ұлттық спорт түрлеріне барынша көңіл бөлініп жатыр. Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — соның дәлелі, — деді Ә.Сұлтанұлы.

БҚО қазақ күресінен қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Фарид Сапиев Қазақстан чемпионатында батысқазақстандық балуандардың да қуанып жатқанын жеткізді.

— 48 келі салмақта үздік шыққан Эльнара Анарбекқызы жастар арасында алғаш рет ел чемпионы атанып отыр. Ерлан Оңалов жаттықтыратын Эльнара бұған дейін жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан чемпионы болған еді. Сол сияқты өзімнің төл шәкірттерім — Дария Забильская мен Сабина Құлымбетова жүлдегерлер қатарынан көрінді, — деді Ф.Сапиев.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Tags: қазақ күресі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Оралда қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында 470-ке жуық балуан бақ сынап жатыр

Спорт туралы жаңа заңда не өзгерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In