Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары екінші жарыс күнін қортындылады.
Бұл күні он медальдар жиынтығы сарапқа салынып, жалпы 15 ел спортшылары жүлде еншіледі.
Норвегиялық спортшылар бір күнде үш алтын және бір қола медаль қанжығалап, жалпы есепте алты жүлдемен (кеше бір күміс және бір қола) көш бастады.
Америкалықтар сәтті өнер көрсетіп, тау шаңғысы және командалық мәнерлеп сырғанау бәсекесінде топ жарды. Осылайша, АҚШ құрамасы екі алтын медальмен жалпы есепте екінші орынға жәйғасты.
Италия құрамасы қоржынына алты медаль (бір күміс және бес қола) түсті. Осылайша, олар медаль кестесінде үшінші орынан көрінді.
Қазір Жапония, Австрия, Германия, Чехия, Франция, Швеция және Швейцария құрамаларында бір алтын жүлдеден бар. Ал Оңтүстік Корея және Солвения құрамалары бір күмістен олжаласа, Болгария, Канада және Қытай құрамаларында бір қола жүлде бар.
Фото: Kazinform.














