Ресейден келген легионер мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина сызылып тұрып “Қазақстан менің елім. Мүмкіндік берген қазақ еліне алғыс айтамын” деп орысша қатты әсілелеп пікір білдіріпті.
Соны біздікілер мақтауын асырып жарыса жазып жатыр екен.
Енді ол тұрып “менің елім Ресей. Қазақстан емес Ресейге рақмет” деп айтпайды ғой. Не дегенмен осы елдің ақшасына дайындалып, осы елдің нанын жеп жарыстарға қатысып жүр.
Әлбетте Қазақстанды мақтайды. Басқа не десін.
Қызық біздікілер…
Пікір иесі: Анық Көкенайұлы.














