• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Өзбектер футболды мемлекеттік деңгейде дамытып жатыр

Ал біз әлі алаң сала алмай жүрміз – Малый

10 июня, 2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
Ойбай-ай. Солтүстік Македониядан жеңілдік
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый матчтан кейін тілшілерге берген сұхбатында өзбек футболының неге дамып кеткенін түсіндіріп, Қазақстандағы футбол деңгейіне шынайы баға берді, деп жазады 1bol.kz.

9 маусымда Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониядан өз алаңында жеңіліп, матчтан кейін журналистер Сергей Малыйды әңгімеге тартқан болатын.

«Оларда мемлекет деңгейінде футболды дамыту туралы нақты тапсырма болды. Соның арқасында уақыт өте келе нәтиже көріне бастады. Бізде ел ішіндегі инфрақұрылым өспейінше нәтиже талап ету – дұрыс емес. Алдымен, үйдің іргетасын қалап алу керек, содан кейін ғана нәтиже сұрау керек қой. Алаңымыз қандай болса, футболымыз да сондай. Даму деңгейіміз де одан ұзап кетпеді. Жалпы бағытымыз дұрыс, бапкер еуропалық екпін беріп жатыр, бірақ инфрақұрылымсыз бұл жол ұзаққа созылады. Осыны түсінуіміз қажет. Уақыт, қолдау және ел ішінде нақты даму факторы керек», – дейді Малый.

Сергей өз сөзінде Атырау мен Ақтаудағы стадиондардың жағдайын мысалға келтіріп, ондай инфрақұрылыммен жоғары футбол күтуге болмайтынын айтты.

«Қайда ойнап жүргенімізге қараңыздаршы? Атырау, Ақтаудағы стадиондардың жағдайы қандай? Осыдан кейін қандай деңгейдегі футболды күтесіздер? Біздің чемпионат – көктемнен басталатын күрес. Еуропаға жақындай бергенде ғана қарқын алып, футбол көрсете бастаймыз. Бірақ қажетті прогресс жоқ. Өйткені біз бір орында тұрып қалдық. Ұлттар лигасында бір нәтиже көрсеттік, бірақ сол сәтте бізге серпін керек еді: стадиондар, манеждер салынғаны дұрыс еді. Әсіресе Ақтөбе секілді суық қалаларға мұндай жағдай ауадай қажет болатын. Халық келіп, футбол тамашалайтын, ал ойыншылар сапалы футбол ойнайтын жағдай жасалуы керек еді. Біз бір аяғымызбен ақсап жүрміз, себебі футболды алдау мүмкін емес», – деп түйіндеді қорғаушы.

Малый сондай-ақ, Ұлттар лигасындағы жетістіктен кейін дамудың жалғаспағанына өкініш білдіріп, бұл сәтті тек мереке ретінде қабылдап, ары қарай түк жасалмағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы матчта «Ордабасы» командасының қорғаушысы Сергей Малый ойынға алғашқы минуттардан бастап шықты.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы.

Tags: Қазақстан ұлттық құрамасыҚазақстан футбол федерациясыӨзбекстанӨзбекстан ұлттық құрамасыСергей Малый
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ойбай-ай. Солтүстік Македониядан жеңілдік

Ақымақ Адамес Әлімханұлын сөзбен табалап жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In