Аскаров Өзбекстанның жастар құрамасы (U-20) сапында Азия чемпионы атанған. Ол «Пахтакор» сапында соңғы маусымда барлығы 25 ойын өткізіп, бір гол соқты және нәтижелі бір пас берген.
Түркістанның «Тұраны» жаңа маусымда алдына үлкен мақсат қойып отыр. Олар Бехруз Аскаровтан басқа да өзбекстандық футболшыларды қатарына қоспақшы. Қазіргі таңда бұл жұмыспен қос тараптың агенттері айналысуда.
Ал, Аскаровтың «Тұранда» қанша жалақы алатыны әдеттегідей құпия күйінде қалып отыр. Тіпті, жалға алудың ақысы да қанша екені белгісіз.
Фото: Championat.Asia.