Өзбекстаннан шыққан бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов (10-2-1, 7 KO) қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
— Егер мен 160 фунт салмақ дәрежесіне көтерілсем, барлық чемпиондармен кездесуге күш саламын.
Жәнібекке айрықша құрметпен қараймын, бұл жерде жеке ештеңе жоқ. Мұның бәрі тек спортқа қатысты әрі мен Жәнібекпен жұдырықтасуға қуана келісер едім. Бұл – мен үшін мәртебе.
Қазақстан – Өзбекстанға көрші ел, бұл екі мықты бокс ұлты арасындағы тамаша кездесу болар еді, — деді Мадримов The Ring басылымына берген сұхбатында.
Фото: Нұрғали Жұмағазы.