Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресін жалғастырып келеді. Бірақ соңғы турда тіркелген тең нәтиже команда жағдайын сәл қиындатты, деп жазады penalty.kz.
Сонымен қатар, Өзбекстанның басты бәсекелесі саналатын БАӘ құрамасы Солтүстік Кореяны 2:1 есебімен жеңіп, ұпай санын қысқартты. Осылайша А тобының турнирлік кестесі мынадай түрде қалыптасты:
- Иран — 20 ұпай
- Өзбекстан — 17 ұпай
- БАӘ — 13 ұпай
- Катар — 10 ұпай
- Қырғызстан — 6 ұпай
- Солтүстік Корея — 3 ұпай
9-турда Өзбекстан құрамасы дәл осы БАӘ-мен кездеседі. Егер ойында тең нәтиже тіркелсе де, өзбектер өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алады.
Фото: vesti.kz.