81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан атынан сынға түскен Арслонбек Тоджиев Жапонияның атақты дзюдошысы Таканори Нагасені жүлдесіз қалдырды.
Жапон балуанына төреші «хан-соку» (дисквалификация) беруге мәжбүр болды.
Айта кетейік, Нагасе – Олимпиаданың екі дүркін чемпионы (2011, 2024 жылдары).
Бұған дейін өзбек балуаны италиялық тәжірибелі спортшы Антонио Эспозитоны жарыстан шығарған. Ал енді турнирдегі ең үлкен сенсация авторы атанды.
Фото: Getty sport.