«Зениттің» баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке арналған Instagram жазбасын жариялады, деп жазады penalty.kz.
Санкт-Петербург клубы қазақ футболшысының ресейлік команда сапындағы 100-ойынын атап өткен салтанатты шарадан суретпен бөлісті. Бұл мерейтойлық матч Ресей Премьер-лигасының 10-шы турында өткен «Оренбургке» қарсы (5:2) үй кездесуінде өтті. Суретте Нұралыға 100 нөмірі жазылған естелік жейде табысталып жатқан сәт бейнеленген.
Ал кешегі ойынға келетін болсақ, Ресей кубогі аясында 101-ші ойынға қатысқан Нұралы Әліп алаңға алғашқы құрамда шығып, 65 минут ойын өткізді. “Зенит” өз алаңында “Оренбургты” ірі есеппен жеңе білді (6:0).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп 2022 жылы «Қайраттан» «Зенитке» ауысқан.
Фото: «Зенит» ФК.