Қайғылы оқиға Bel 7Star Ghana Professional Boxing League турнирінде орын алды. 40 жастағы Габриэль Оланреваджуға 22 жастағы Джон Мбанугуға қарсы шыққан.
Жекпе-жектің үшінші раундында Габриэль нокаут алып құлады. Рефери жекпе-жекті бірден тоқтатып, көмекке шұғыл дәрігерлерді шақырды.
Жедел көмек көрсетілгенімен, боксшыны аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды.
Гана Бокс басқармасы (GBA) мен турнир ұйымдастырушысы Osibor Boxing Promotions болған оқиға бойынша барлық қажетті материалдарды полицияға тапсырғанын және тиісті мемлекеттік органдарды хабардар еткендерін мәлімдеді.
Габриэль Олувасегун Оланреваджу Нигерияда дүниеге келген. Ол кәсіби бокста 13 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліп және 2 тең нәтиже тіркеген. Кәсіби мансабын 2019 жылдың шілдесінде бастаған.
Фото: ашық дереккөзден.