• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Нақұрыс балдыз. Букмекердің құлы. Жүз мың теңгемді жоқ қылды

3 июля, 2024
in Бокс, Ей, бұларың не?, Футбол
0 0
0
Нақұрыс балдыз. Букмекердің құлы. Жүз мың теңгемді жоқ қылды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Бүгінгінің кей жастары айықпас дертке шалдыққан. Жаман қасіретке бой алдырып, оны жеңе алмай жүр. Ол қандай дерт дейсіз бе? Ол – күнделікті өтіп жататын спорттық жарыстарға ақша тігу. Қысқасы, көл-көсір пайда табатын букмекерлік кеңселердің құлына айналу.

Қазір осы мекемелердің ғимараттарына қона жастанып ақша тігетіндер саны көбейіп барады. Тіккен ақша пайда әкеліп кері қайтып жатса кәні?

Керісінше, тіккен сайын ұтылып, тігуші «қораға» кіре түсуде. Ұтылған сайын «салған ақшамды қалайда қайырып аламын» деп, үйдегі бар құнды заттарды сатып, ломбардқа өткізіп, айнала жұрттан қарыз сұрап, тіпті онлайн несие алып сорлап жүргендер қаншама?

Жақында өз басымда мынадай оқиға болды:

Балдызым спортты жақсы көретін. Шекілдеуікше шағады дей алмаспын. Бірақ спортық ойындар жөнінде жасаған болжамдары көбіне дәл келіп жататын. Сол балдызым (жасы жиырма екіде) міне, бірнеше жыл болды, спорттық ойындарға ақша тігіп, ұтылып, туғандарына да, өзге жұртқа да жексұрын болып бітті.

Колледжін бітірген соң бірер жыл Астанада тұратын бажамның қолында болды. Тұрғаны құрсын, оны да сорлатқан көрінеді. Оның үйіндегі бағалы заттарды ұрлап сатып, ломбардқа өткізіп, сол жерде тапқан-танысқан достарының сеніме кіріп несие алдырып, оны қайтармай үлкен шу шығарған екен. Бір емес, үнемі жағдай осылай қайталана берген соң, бажам желкесінен бір түйіп, үйден қуып шығыпты.

Әлгі найсап, сүмірейіп Алматыдағы әпкесінің үйіне келді. Әпкесі – менің әйелім. Амал жоқ, үйге кіргіздік. «Түзелемін, дұрыс жолға түсемін, жұмыс тауып беріңдер. Жұмыс істеймін» деген соң әйелім екеуміз жүгіріп жүріп жұмыс таптық. Онымен қоймай, «жап-жақсы баланың жан-дүниесін түсінбей, дұрыстап ақыл айтып сөйлеспей неге қуған» деп мен бажама, әйелім сіңлісіне ренжіді.

Сөйтсек, олардікі дұрыс екен. Әлгі жұмыс істеймін деген балдызым ештеңе қатырмады. Түске дейін ұйықтайды. Одан кейін тамаққа тойып алып, қала аралап кетеді. Кеш келеді, одан түнімен интернет ақтарып, тағы ұйқыға кетеді. Сөйтіп өмірі өтіп жатты.

Бір күні үйге бірнеше жігіт келіп тұр. «Біз сіздің балдызыңыздың досымыз. Ақша алып еді. Қайтармады. Ол ақшаны сіз бізге қайтарыңыз» дейді. «Мен сендерден ақша алған жоқпын. Кімге бердіңдер, соны тауып, қайтарып алдыңдар» деп үйден боқтап қуып шықтым. Сөйтсем, балдызым мұнда да тыныш жүрмей, осындағы достарынан мол ақша алып, қайтармай қашып жүр екен.

Бауыр деген қиын ғой. Әйелім зар илеп жүгіріп жүріп оны психологқа да, молдаға да апарды.

Бірақ түзелген ол жоқ. Онымен қоймай әлгі нақұрыс балдызым бір оңаша сөйлескенде «ақша тікпесем ауа жетпей тұрғандай болады. Қандай жолмен болсын ақша тауып, ойынға тіксем, денем бір жеңілдеп қалады» дейді.

Бір күні үйден ноутбок жоғалды. Бір күні әйелімнің ұялы телефоны ізім-қайым болды. Үйге ұры түсті ме дейін десең, олай емес. Ақыры әйелім мойындады. Ноутбоктыда, телефонды да інісі сатып, ақшасын ойынға тігіп жіберген көрінеді.

Тіпті жазда үйге ремонт жасаймыз деп қағыстырып жүрген миллионға жуық ақшамыз да жоқ болып шықты. Оны әйелім «інім қарызға кіріп кетті. Достары жабылып өлтіреміз» деген соң қорыққанымнан соларға таратып бердім, ренжімеші. Үйге кейін ремонт жасаймыз» деп қарап тұр. Не дейін? Қолымды бір сілтедім.

Оны қойшы, осыдан бірер күн бұрын жұмыстан айлығымды алғанмын. Үйге оны-мұны алдық. Біразын көлігімді жөндеуге жұмсадым. Ақшамның басым бөлігі қалтамда қалған. Сол түні тып-тыныш ұйықтап қалғанбыз. Балдызым интернет ақтарып отырды.

Ертесінде әйелімнің көзінде жас, дір-дір етеді. «Не болды?» деймін ғой. Ол болса, «анау таң алдында келді. Түнеріп кетіпті. Бір нәрсе болған-ау. Қалтаңдағы ақшаны қарашы, тұр ма екен?». Дір-дір етеді.

«Басқа басқа, енді менің қалтамдағы ақшаға қол салмас» деп орымнан тұрып, кіре берістегі шкафта тұрған пиджагымның қалтасындағы портменеге қол салғанмын. Портмене тұр. Бірақ ішінде бір тиын ақша жоқ. Жүгіріп барып балдызымның жағасынан алдым. «Шыныңды айт ақша қайда?» дедім. Ол болса былқ етпестен,

түнде «Барселона» мен «Реал» ойнады. Соған тіктім. Бірақ ұтылып қалдым. Ақшаңызды екі-үш сағаттан кейін орнына қоямын, деп қояды.

Шыдамай кеттім. Бір түйдім де, қолына сөмкесін ұстатып үйден қуып шықтым. Мың теңге емес, жүз мың теңгені ол қайдан тапсын? Сонымен кеткен. Енді Алматының қай бұрышында қаңғып жүргенін кім білсін? Әйелім жылап, кешіре салмадың ба, деп қояды.

«Ондай сүмсікке обал жоқ. Ешуақытта кешірмеймін. Үйдің есігі енді оған жабық», деп кесіп айттым.

Міне, менің басымнан өткен жағдай осы.

Дәл осы балдызымдай бар дүниені букмекерлік мекемелерге тасып, оларды байытып, өздері сорлап, жексұрын болып жүрген қаншама жас бар? Оларды қалай емдеуге болады? Түсінбедім.

Қайрат Бақтығалиұлы

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In