«Қайраттың» орталық қорғаушысы Александр Широбоков «Ақтөбемен» өткен кездесуді түйіндеп, Луиш Нанидің өнерін бағалады, деп жазады aladop.kz.
«Нани? Кездесуден бұрын ол туралы ақылдастық. Жоқ жерден пас беріп кететінін білдік, абырой болғанда өзін жауып тастай алдық. Нани бұл ойында түк те бітіре алмады. Иә, «Манчестер Юнайтед» командасында ойнаған, бірақ бұны Нани алаңға шыққанда ғана есіме түсірдім. Чемпиондар Лигасынан кейін ешбір жұлдыз қорқынышты емес. Алайда, кез-келген қарсыласқа құрметпен қарау керек», — деді А. Широбоков «Vesti.kz» порталына берген сұқбатында.
«Қайрат» 2 турдан кейін жеке дара көш бастады. «Ақтөбе» 3 ұпаймен 5-орында. Алматылықтар келесі ойында «Жетісумен» жолығады. «Ақтөбе» «Елімайға» қарсы тұрмақ.
Фотода: Луиш Нани «Ақтөбе» сапында.














