Кеше олимпиададағы: Сәкен Бибосынов, Нұрбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев және өзбекстандық: Турарбек Хабибуллаев пен Хасонбой Дусматовтардың жекпе — жегін көріп, терең ойға қалдым!
Өйткені, өзбек ағайындар бұрын лас, агрессивті бокс көрсетсе, енді тактиканы өзгертіп, тастай қорғанып, денесінің барлық жерін жауып, аяқпен, денесіне соққы дарытпай, өздері шабуылға шыққан боксшыларға ашық қалған кезде 1-2 соққы беріп, қайтадан жабылып алады екен!
Бірінші раундты өздеріне көмектесетін төрешілер арқылы, 5:0 деген баға алып, сосын қалған екі раундта қашып жүріп, қарсы шабуыл жасап ұпай жинап жеңіске жетеді екен!
Ал біздің боксшылар таза бокстасқан мен, қорғанысқа көңіл бөлмейді, өзбектер секілді денесін жаппайды, қашып жүріп, қорғанып, денесімен ары-бері теңселіп, қарсы шабуыл жасауды білмейді!
Соның кесірінен: Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев жарыстан шығып қалды, ал Нұрбек Оралбай нокдаун алып, әрең жеңді! Сакен Бибосынов та біраз соққы жіберіп алды!
Сондықтан, біздің құрама бапкері Мырзағали Айтжановқа өзбек боксшыларымен кездесу алдында, шұғыл түрде Хасанбой Дусматов пен Турарбек Хабидуллаевтың өткізген жекпе-жектерін көріп, Сакен Бибосынов пен Махмут Сабырханға, өзбектердің тактикасына қарсы тактика ойлап таппаса, онда біздің боксшылар оңбай жеңіледі!
Өйткені өзбектерге төрешілер жақтасып, біздің боксшыларға ескерту бере береді. Тіпті өзбектер баспен ұрып, құшақтап қашып, қолғаптың ішкі жағымен ұрса да, ескертуді біздің боксшыларға береді, сөйтіп әбден титықтатып, жүйкесіне тиіп, ашуға бой беруге мәжбүрлейді! Аяғында, байқаусызда соққы жіберіп алса, нокдаун аша салады!
Сондықтан, біздің боксшылараяғында жақсы жұмыс істеп, Сакенге Хасанбойды жолатпай, тас қамалдай бекініп, қарсы қимылдап жеңу керек. Ал Махмудтың Халоковқа қарағанда бойы аласа болғандықтан, тастай бекініп, Халоковтың шабуылын күтіп жақындай беруі керек. Халоков 1-2 соққы берген кезінде уклондар жасап, қарсы соққы беріп ұпай жинау керек. Әйтпесе, өзбектер100 пайыз жеңіп кетеді. Физикалық дайындықтары өте жақсы екен. Хасонбой да, Хабибуллаев те кездесулерін жоғары деңгейде өткізді.
Біздің боксшылар: Асланбек те, Қамшыбек те үшінші раундта шаршап қалды.
Сіздерден бір өтініш! Боксшыларымыз жеңілсе де жамандап жерге ұрмаңыздар! Барлығы талантты боксшылар. Болашақта өзбектерді оңдырмай ұтатын таланттар көп. Тактиканы өзгертіп, уклондарды үйреніп, аяқта үш раунд шаршамай жұмыс жасаса, Санжар Тәшкенбай, Сакен Бибосывнов, Махмут Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Ақалықов, ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлар, Темірлан Мұқатаев, т.б боксшыларымыз қай құраманың боксшылары болмасын бір саты жоғары тұр, бәрі жас және бағындырар биіктері алда!
Кім боксшыларымызды, бапкерлерді сынаса, тойтарыс беріңдер! Ең болмаса олимпиада бітсін, сосын жөнімен сын айтамыз!
Сұлтан Иқанұлы.
Фото: Данияр Майлыбаев.