Естеріңізде болса, төрешілердің ортақ шешімімен Маддалена жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион атанды.
Mmajunkie басылымының хабарлауынша, Белал Мұхаммадтың сыйақысы 42 000 долларды құраса, Маддалена 32 000 доллар табыс тапқан.
Ал айқастан соң жартылай орта салмақтағы су жаңа чемпион ресейлік Ислам Махачевпен кездесуге келісім берді. Махачев екі салмақта чемпион атануды көздеп отыр, бұл өз кезегінде қазақстандық Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегін кейінге қалдыруы мүмкін.
Фото: Getty Images.