Футзалистерді қоя беріңізші, олар өздеріне берілген міндетін, ақшасын адалынан ақтап/атқарып жүр ғой.
Мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын Барыс Ресейдің дымға керек емес Лигасында көштің соңында келе жатыр.
Оның үстіне биылдан бастап құрамына ресейлік ойыншылар мен Ресейстан бапкерлерін жинап алды. Оларға беретін ақша тағы бар.
Бұлардың Қазақстан Чемпионатында ойынайтын Номад дейтін фармдары бар. Бұрын тек қазақстандықтармен ойынайтын еді ол клуб, Биыл ол жаққа да толып 8 ресейлік келіпті.
Номад пен Барыс қазақстандық ойыншыларды ойнату үшін құрылған еді, ресейлік шлактарға ақша шашу үшін емес. Бұндай ойын, команда кімге керек?

Айдос Рымқұл.