Қазақстандық теннисші, әлемнің 293-ракеткасы Михаил Кукушкин Глазго (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 255-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, швейцариялық Реми Бертоламен шеберлік байқасты.
М.Кукушкин аса қиналмай, қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.
Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 379-орындағы Денис Евсеев екінші айналымда әлемнің 300-ракеткасы, чехиялық Гинек Бартонға жол берді — 2:6, 2:6.
Фото: ҚТФ.














