Қазақстандық теннисші, әлемнің 263-ракеткасы Михаил Кукушкин Лилль (Франция) челлендер турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды.
Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының финалында рейтингіде 293-орындағы чехиялық Гинек Бартонмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте чехиялық теннисші басымдылық танытты — 7:6 (7:5). Бұдан кейін Кукушкин ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды — 6:2, 7:6 (7:3).
Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсекеде 38 жастағы М.Кукушкин 4 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Бартон 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тек екеуін пайдаланды.
Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында жапониялық Джеймс Кент Троттерді 7:6 (7:4), 4:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңген болатын. Бұл кездесу де тартысты өтіп, 2 сағат 40 минутқа созылды.
Лилль жарысының жүлде қоры 203,9 мың еуроға бағаланған. Жеңімпаз 30 460 еуроға қоса 125 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді.
Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін белгілі болады.
Фото: ҚТФ.














