• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Жекпе-жек

Мен ұлымның жеңіске жететініне сендім – Айдос Сұлтанғалидің ата-анасы баласының жеңісі туралы

Айдос Сұлтанғали спортқа 2-сыныптан бастап қатыса бастапты

22/09/2025
in Жекпе-жек, Ұлттық спорт
0 0
0
ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Араға 26 жыл салып грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстанның әнұраны шырқалды.

Әлем чемпионының жеңісі туралы Айдос Сұлтанғалидің ата-анасы Сұлтанғали Кеулімжаев пен Апиза Самилова ішкі толқынысымен бөлісті.

— Қазір қандай сезімде екенімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Қалың елім — қазағым қалай уайымдаса, біз де солай тақымымызды қысып отырдық. Алладан дұға жасап, күні-түні тіледік. Сол тілектерді Алла қабыл етіп, баламыз жеңіске жетті, — дейді әкесі Сұлтанғали Кеулімжаев Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында берген онлайн сұхбатында.

Әкенің айтуынша, Айдос бұл жеңіске оңай жеткен жоқ. Бұған дейін халықаралық додалардан қола жүлделер алып жүрген.

— Мен ұлымның жеңіске жететініне сендім. Қазір барынша шынығып, тәжірибе жинаған кезеңі ғой. Десе де, барған балуандардың бәрі — «сен тұр, мен атайындар». Жүректің түкпірінде күдік те болды, алайда үміт пен сенім қатар тұрды. Ұлымды әр сапарға әуежайға дейін ақ батамен шығарып саламын. Ал үйге келген соң, күн-түні тілеуін тілеймін, — дейді ол.

Ал Апиза Самилова да баласының жекпе-жектерін назардан тыс қалдырмаған.

— Күресін көрдім, бірақ тәжік баламен шыққан жекпе-жегін көре алмадым. Ол бұған дейін бір жеңіп, бір жеңілген қарсыласы еді. Өте мықты бала екенін білемін. Сондықтан дұға етіп, келесі бөлмеде жүрдім. Ал финалды 6 минут көреміз деп күткенбіз, бірақ бәрі қас-қағым сәтте шешіліп кетті, — дейді анасы.

Ол кез келген ата-анаға сабыр мен төзім керектігін, әсіресе спорт жолын таңдаған балаға қолдау аса маңызды екенін жеткізді.

— Біз бұл баланы кішкентайынан спортқа арнап қойдық. Артық дүниемен миын ауыртпаймыз. Артық хабарласпаймыз да. Бала уақытылы демалуы керек, — дейді Апиза Самилова.

Айдос Сұлтанғали спортқа 2-сыныптан бастап қатыса бастапты.

— Қызылордада Ғабидин есімді жаттықтырушысы бар еді. Кейін Петропавлға бір жарысқа барды. Сол кезде сондағы бапкерлер Айдостың бойындағы талантты бірден байқап, мектептеріне шақырыпты. Ғабидин ағай мені шақырып алып: «Аға, үш ай ойланыңыз, баланы сол жақтағы мектеп-интернатқа бересіз бе?» деді. Мен еш ойланбастан бірден келісім бердім. Өйткені мен баламды сол додаға арнап отырған адаммын. Интернатта Сералы, Мейрам деген бапкерлері болды. Айдос ол жақта үлкен тәжірибе жинады. Ол тек жеке жетістікке жетіп қана қоймай, бүкіл Петропавлдың намысын қорғап, Қазақстан бойынша өңірді бірінші орынға шығарды, — дейді чемпионның әкесі.

Сұлтанғали Кеулімжаев баласын ешқашан үй тірлігіне жұмсамайтынын, тек спортқа толық ден қоюға жағдай жасағанын жеткізді.

— Балам кейде көмектескісі келіп тұрады. Бірақ мен: «Бұл тіршілік бітпейді, сен тек алған бетіңнен қайтпа. Жеңіске жетуге тырыс» деп арқасынан қағып қоямын. Анасы да солай дейді, — дейді ол.

Фото: Sports.kz.

Tags: Айдос Сұлтанғалиеркін және грек-рим күресі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In