«Қайрат» U-17 командасының Гельвеция халықаралық кубогындағы қарсыластары анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz cайты.
Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында 8-11 тамыз аралығында өтетін турнирдің жеребесі тартылып, алматылық команда жасөспірімдері «А» тобына түсті. 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл топта ПСЖ (Франция), «Винтертур» (Швейцария), «Санкт-Галлен» (Швейцария) және «Дейнзе» (Бельгия) командаларының өрендері ойнайды.
«Қайрат» жасөспірімдері жарыстағы алғашқы ойынын 9 тамыз күні турнир қожайындары «Санкт-Галленге» қарсы өткізеді. Қалған матчтардың күнтізбесі жақын арада белгілі болады.
Фото: ©️ fckairat.com.