• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Марат Жыланбаев Гиннесстің рекордтар кітабына енген, бірақ нәтижелері ресми тіркелмеген — Алексей Кондрат

Қазір даңқты спортшы түрмеде жазасын өтеп жатыр

20 сентября, 2024
in Тұлға мен тарих
0 0
0
Марат Жыланбаев Гиннесстің рекордтар кітабына енген, бірақ нәтижелері ресми тіркелмеген — Алексей Кондрат
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті болған Алексей Кондрат қазақстандық танымал марафоншы Марат Жыланбаевтың жетістіктеріне қатысты пікір білдірді.

Естеріңізде болса, осыдан біршама бұрын жеңіл атлетикадан КСРО чемпионы, рекордшы Әмин Тұяқов Марат Жыланбаевты танымайтынын айтып, оның жетістігіне де күмән келтірген болатын. Осыдан соң көпшілік арасында түрлі пікір тарап, аңыз желаяқты сынағандар көбейді.

Осы орайда біз Жеңіл атлетика федерациясының бұрынғы бас хатшысы Алексей Кондраттан осы мәселенің мән-жайын сұрап көрдік.

«Марафон дегеннің ұғымы кең. Олимпиада ойындарының бағдарламасына енетін классикалық марафон бар, тиісінше бұл жарыс түрінен әлем чемпионаттары, ел біріншіліктері ұйымдастырылып отырады. Стандарт бойынша ол 42 шақырым 195 метрді құрайды. Ал Марат Жыланбаев – шөл мен шөлейттер арқылы, жүрудің өзі қиын жолдар арқылы жүгіріп, рекорд орнатқан супермарафоншы. Мұндай марафон түрлері әлемде танымал. Кейбіреулер Сахара арқылы, енді бірі тау-тасты аралап жүгіреді. Рекордтардың түр-түрін орната беруге болады. Айталық, сіз 4 мың метр биіктікте жүгірсеңіз, тағы бір спортшы 4,5 мың метр биіктікте жүгіріп, рекорд жаңарта алады», — дейді Алексей Кондрат.

Оның айтуынша, Марат Жыланбаевтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет жазылған. Бірақ рекордтар кітабына әртүрлі нәтижемен ене беруге болатынын тағы ескеру қажет.

«Жыланбаев қайсарлықтың, ер мінезділіктің үлгісін көрсетті. Дегенмен, оның бірде бір нәтижесі Халықаралық жеңіл атлетика федерациясында тіркелмеген, себебі оны тіркеу мүмкін емес.

Ол Қарақұм немесе Сахараны басып өтті делік. Алайда ол жолдардың ешқайсысы ресми бекітілмеген. Оның көлемін де ешкім анықтамайды. Ертең тағы бір адам оны оңтүстіктен солтүстікке қарай жүгіріп өтсе, келесіде батыстан шығысқа қарай жүгіруі мүмкін, тағысын тағы. Бұл нәтижелерді Гиннесстің рекордтар кітабында тіркей беруге болады. Алайда, олардың ешқайсысы спорттық ұлттық рекорд ретінде тіркелмейді. Сондықтан Әмин Елемесұлы дұрыс айтып отыр. Оның бәрін әдетте экстримді жақсы көретін әуесқойлар жасайды. Естеріңізде болса, 15 жылдай Медеу марафонын ұйымдастырдық. Қаладан бастап тауға қарай жүгіретінбіз, сонан соң түсеміз. Бұл да экстрим. Жеңімпазды анықтауға болады, себебі кім бірінші келсе – сол чемпион. Дегенмен, рекордты ресми тіркеу мүмкін емес, өйткені трасса үнемі өзгеріп отыратын. Бірақ әуесқой адамдарға қатысу қызық болатын», — дейді спорт менеджері.

Оның сөзінше, әлемде марафонның түр-түрі бар. 24 сағат бойы жүгірген адамдардың да есімі тарихтан белгілі.

«Аустралияда егде жастағы қойшы кәсіби түрде дайындалып жүрген спортшыларды басып озған еді: 6-7 күн жүгіріп, нәтижесінде әлгі кісі жеңімпаз болды. Ондайлар көп, бірақ олардың ешқайсысы нәтижені тіркеуге болатын жарыс түріне жатпайды.

Кез келген матчта да нәтиже тіркеледі: гол соғылады, ұзындыққа секіреді дегендей. Ал әуесқойлар арасындағы мұндай марафон нәтижелері тек Гиннесстің рекордтар кітабында ғана тіркеледі, болды», — деді Кондрат.

Еске салайық, Марат Жыланбаев оппозициялық көзқарасы үшін бірнеше рет қудаланған. Ал, 2023 жылы экстремистік ұйымды қаржыландырды деген айыппен 7 жылға сотталды. Қазір даңқты спортшы түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев.

Tags: Марат Жыланбаевмарафон
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Кіл легионер. Сұмдық жалақы. Сондағы сиқы осы ма?

Кіл легионер. Сұмдық жалақы. Сондағы сиқы осы ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In