1/8 финалда ол Иорданиялық Махди Алмашалех қарсы сенімді түрде жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 5:0 (29-27, 29-27, 29-27, 29-27, 29-27).
Енді 3 сәуір күні Музаффаров Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі – Махмұд Сабырханмен рингке шығады.
Отандасымыз бұл турнирге үлкен мақсатпен келгенін жасырмайды – Азия чемпионы атағын қорғап, екі дүркін чемпион атану.
Айта кетейік, ол 2024 жылы Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Боксшының айтуынша, Қазақстан құрамасының дайындығы өте сапалы өткен.
«Ассалаумағалейкум! Дайындығымыз өте жақсы өтті. Қазақстанда, «Алма-Тау» базасында оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және басқа да елдердің құрамаларымен бірге жаттығып, жақсы спаррингтер жасадық. Дайындық жоғары деңгейде болды. 3 сәуірде жекпе-жектер басталады. Бұған дейін Моңғолияда болғанбыз – 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында чемпион атандық. Құдай қаласа, бұл жолы да сол нәтижені қайталау керек. Қарсыластар өте мықты. Өзбекстан, Иордания боксшылары бар. Сонымен қатар, екінші топта Жапония, Үндістан, Қытай және Моңғолияның мықты боксшылары бар. Барлығымен әлем чемпионаттарында кездескенмін. Жоспар – елге бірінші орынмен оралу», – деді Сабырхан.
Фото: Бокс федерациясы.













