Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан «Бірінші бол» YouTube-каналына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, деп жазады 1bol.kz.
Боксшы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерген болатын.
«Олимпиададан кейін үйленіп алайын деп шештім. Әйелім мен анам бір күнде туған. Астанада Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек кешінде анам 50 жасқа, келіншегім 20-ға толды. Әйелімнің руы – Шегір. Әкеммен бажа болдым. Нағашыларым да Шегірлер еді», — дейді боксшы.
Айта кетейік, 23 жастағы боксшының жарының есімі – Назым.
Фото: Әлеуметтік желі.