• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Лос-Анджелес Олимпиадасына боксшыларды іріктеу жүйесі өзгереді – ҰОК

Геннадий Головкин Сауд Арабиясында болып, Олимпиадада боксты қалдыру мәскелелерін талқылады

15/03/2025
in Бокс, Олимпиада
0 0
0
Лос-Анджелес Олимпиадасына боксшыларды іріктеу жүйесі өзгереді – ҰОК
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин іссапармен Сауд Арабиясына барды, дейді 1bol.kz.

Эр-Риядтағы кездесуге Сауд Арабиясының Бокс федерациясының президенті Абдулла Аларби, Сауд Арабиясы ҰОК бас хатшысының кеңсе директоры Нассер Мунир, World Boxing ұйымының бас хатшысының міндетін атқарушы Майк Макатти және Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

Кездесу барысында тараптар олимпиадалық бокстың болашағын, оның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы мәртебесін, сондай-ақ, бұл спорт түрін қолдаудағы Сауд Арабиясының рөлін талқылады.

Сонымен қатар, жақында бокстың Бахрейн-2025 жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына енгізілуі де негізгі тақырыптардың бірі болды. Геннадий Головкиннің бұл бастамасы аймақтық деңгейде және Asian Boxing конфедерациясында кеңінен қолдау тапты. Бұдан бөлек, боксты Ислам ынтымақтастығы ойындарының бағдарламасына қосу мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу барысында World Boxing ұйымының беделін арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Ұйым аймақтық федерацияларды құру және жаңа елдерді тарту арқылы өз ауқымын кеңейтуде. Негізгі мақсаттардың бірі – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) толыққанды мойындауына қол жеткізу.

World Boxing өкілдері әділ және ашық төрелік жүйесін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Ұйым төрешілер құрамын жетілдіру, біліктілікті арттыру курстарын өткізу және жасанды интеллектке негізделген заманауи технологияларды енгізу бағытында жұмыс істеуде. Бұл субъективті қателіктерді азайтып, жекпе-жектердің әділ бағалануын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу жүйесі де талқыланды. Қазіргі уақытта іріктеу жүйесі әзірленіп жатыр, ал келесі жылы жолдамаларды бөлу құрылымы нақты бекітіледі.

Сауд Арабиясы Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы бастама көтерді. Бұл ынтымақтастық бірлескен оқу-жаттығу жиындарын, спарринг-сессиялар ұйымдастыруды, сондай-ақ менеджмент және бапкерлік қызмет бойынша тәжірибе алмасуды қамтиды.

«World Boxing федерациясы өз жұмысындағы негізгі бағыттар мен басымдықтарға назар аударады. Маңызды серіктестермен ынтымақтастық орнату – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі кездесу біздің мақсаттарымыз бен құндылықтарымыздың қолдау тауып отырғанын көрсетті. Қазіргі таңда көптеген ел боксты тұрақты дамытуға мүдделі.

World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде менің басты мақсатым – боксты Олимпиада ойындары бағдарламасында сақтау»,  – деді Геннадий Головкин.

Фото: olympic.kz.

Tags: Геннадий ГоловкинЛос-Анджелес ОлимпиадасыПариж олимпиадасыҰОКХОК
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Барыс» ойыншылары үш айдан бері жалақы алмаған

«Барыс» ойыншылары үш айдан бері жалақы алмаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In