Англияның үшінші деңгейлі Лига 1 чемпионатының 34-турындағы басты ойында «Уиком Уондерерс» сырт алаңда «Бирмингем Ситиге» минималды есеппен жол берді, деп жазады penalty.kz.
Осы жеңістен кейін «Бирмингем Сити» 76 ұпаймен Лига 1 турнирлік кестесінің көшін бастаса, «Уиком Уондерерс» 64 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Англияның «Уиком Уондерерс» клубының иесі – қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе саналады. Ол 2024 жылдың мамырында Ломтадзе клубтың бақылаушы акцияларын сатып алып, оның 90% үлесіне иелік ететіні белгілі болған.
Фото: wwfc.com.