• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Жекпе-жек

Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек тағы белдеседі, «классиктер» алтыннан үмітті

Албаниядағы әлем чемпионаты

17 сентября, 2024
in Жекпе-жек, Ұлттық спорт
0 0
0
Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек тағы белдеседі, «классиктер» алтыннан үмітті
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Маусым соңы күрес түрлерінен ірі спорттық оқиғаларға толы болмақ. Жақында ғана Испанияда 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі аяқталса, қазан айының соңында Албания 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионатын қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл турнир еліміздегі жас балуандардың әлеуетін бір байқап алуға үлкен мүмкіндік екені анық. Қазіргі таңда күрес түрлері бойынша аға жаттықтырушылар әлемдік дода алдындағы шешуші жаттығу жиындарына кіріспекші.

Olympic.kz Тиранада өтетін әлемдік дода қарсаңында шолу жасады. 

Албаниядағы әлем чемпионатына еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан командасы толық құрамда қатысады. Тиранаға аттанатын спортшылар қатарында ересектер сапында талай турнирдің дуын көрген спортшылар да бар. Одан бөлек, 2023 жылғы әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Ризабек Айтмұхан да қатарда. Ол жақында Испанияда өткен U20 әлем біріншілігінде қарсылас шыдатпаған болатын.

Еркін күрестен Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Руслан Өмірәлиевтің айтуынша, Ризабек жарысқа ешқандай іріктеусіз өткен.

«Әлем біріншілігіне баратын жігіттеріміздің есімі анықталды. Тек бір салмақта кімнің баратыны шешілген жоқ. Негізінен, әлем чемпионатына қатысатын балуандарды Әбілсейіт Айханов турнирінің қорытындысы бойынша таңдадық. Ал Ризабек Айтмұхан еш іріктеусіз барады бұл бәсекеге. Себебі, ол былтыр ересектер, биыл жастар арасында әлем чемпионы болып отыр. Бұдан асқан қандай іріктеу қажет?! 74 келі салмақ дәрежесінде Албанияға кімнің баратынын жаттығу жиынында анықтаймыз. Екі үміткер балуан арасында шешуші белдесу болады», — дейді аға бапкер.

Еркін күрес шеберлерінің жаттығу жиыны екі кезеңге бөлінген. Балуандар алдымен 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында дайындалса, жаттығудың соңғы кезеңі 8-23 қазан аралығына жоспарланған.

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

57 келі: Алан Оралбек

61 келі: Әділет  Әлмұхамедов

65 келі: Бекзат Ермекбай

70 келі: Ернұр Нұрғазы

74 келі: Әлі анықталу үстінде

79 келі: Жеңіс Қаныбеков

86 келі: Нұржан Исағалиев

92 келі: Бекзат Аманғалиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Омархан Надиров

Қазақстан қыздар құрамасы да әлемдік жарысқа қызу дайындық үстінде. Команданың аға жаттықтырушысы Қуаныш Жақсыбай команданы жасақтау барысында ел чемпионаты мен Азия біріншілігі сынды жарыстардың қорытындысы есепке алынғанын айтады.

«Әйелдер күресінен халықаралық жарыстарда көзге түскен спортшыларды қатарға қостық. Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысқан, ересектер арасында да күресіп жүрген Лаура Ғаниқызы бар. Ересектер арасында Азия чемпионатының  қола медалін иеленген Анастасия Панасович те қатарда. Медаль аламыз деген жоспарымыз бар. Біз де екі жаттығу жиынын өткіземіз. Соңғы жаттығу   жиынын Астанада өткізіп, содан соң Албанияға аттанамыз», — дейді Қуаныш Жақсыбай.

Әйелдер күресінен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

50 келі: Л. Ғаниқызы

53 келі: З. Баянова

55 келі: А. Әшімова

57 келі: Ш. Өмірбек

59 келі: Г. Бекеш

62 келі: Т. Дубек

65 келі: Г. Өсербай

68 келі: Б. Сейдуәлі

72 келі: А. Панасович

76 келі: А. Ертөстік

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы да тәжірибелі спортшылармен толысқан. Аға жаттықтыушы Жаңабек Оспанов Тирана кілемінен төрт медаль алудан үмітті екенін жасырмайды.

«Төрт салмақта медальдан үміттіміз. 55, 67, 77 және 97 келідегі балуандар алысқа шабады деген сенім бар. Мәселен, 67 келіде ересектер арасында көзге түсіп жүрген Дін-Мұхаммед Қошқар белдеседі. 97 келіде Азия чемпионатының және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалисті Юсуф Мациев күреседі. Екі балуан да әлемдік жарыстардың дуын көрген. Албанияға мықты, дайындығы өте жоғары құрам барады. Сондықтан, нәтиже де жақсы болады деп ойлаймын. Оған дейін екі жаттығу жиынын өткіземіз», — деді аға бапкер.

21-27 қазанда Албанияның Тирана қаласында өтетін U23  әлем чемпионаты отандық балуандар үшін жылдың соңғы жарысы емес. Аталған турнир аяқталған соң, олимпиадалық емес салмақтардағы әлем біріншілігінің жалауы  желбірейді. Бұл бәсеке 28-31 қазанға  жоспарланған.

Фото: ҰОК.

Tags: күресКүрестен әлем чемпионаты
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Барыс» есін жия бастады

«Барыс» есін жия бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In