Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес ресми түрде некелік келісімге қол қойды, деп жазады penalty.kz.
Келісімшарттағы талаптар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Себебі, егер қос жұп ажырасып кетсе, Роналдудың төлем міндеттемелері жүздеген миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Құжатта ай сайынғы төлемдерден бөлек, ірі біржолғы сомалар мен түрлі сыйақылар да қарастырылған.
Келісімшарттың негізгі тармақтары
- Джорджинаға ай сайынғы жәрдемақы – 114 мың доллар;
- Жылжымайтын мүлік – құны 5,6 миллион долларға дейін;
- Ажырасқан жағдайда ай сайынғы зейнетақы – 110 мың доллар;
- Балаларға алимент – айына 500 мың доллар;
- Қосымша бонустар – жылына 2 млн доллар, люкс класстағы екі көлік және ұшақпен сапарлар;
- Ажырасу кезінде біржолғы төлем – 50 млн доллар.
Роналдудың капиталы және келісімнің мәні
Forbes мәліметінше, Криштиану Роналдуның капиталы шамамен 671 миллион долларға тең. Осындай ауқымды келісімге қол қоя отырып, ол өзінің активтерін қорғауды көздейді. Сонымен қатар футболшы Джорджина мен балалардың әлеуетті ажырасу жағдайында да жоғары деңгейде өмір сүруін қамтамасыз етуді мақсат еткен.
Фото: sputniknews.ru.