Атышулы файтер өз жақтастарын жергілікті билік органдарына жүгініп, оның кандидатурасын қолдауға шақырды.
«Ирландия азаматтары, нағыз өзгерістер уақыты келді! Президент болсам, халық тарапынан қолдау таппайынша, ешқандай заңға қол қоймаймын.
Егер менің атымды сайлау бюллетенінен көргіңіз келсе, бүгіннен бастап жергілікті кеңесшілерге хабарласып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраймын.
Біздің кеңесшілер – қауымдастықтарымыздың тірегі. Олар халық үшін парламенттегілерден де көп еңбек етеді. Егер сіздің даусыңыз еленбей, қолыңыз байланып, қауымдастығыңыз назардан тыс қалып жатса, онда мені қолдаңыз. Мені ұсыныңыз, мен сізге өз ойыңызды ашық жеткізуге мүмкіндік беремін.
Макгрегорға дауыс бергіңіз келсе, дәл қазір қимылдау керек. Жергілікті кеңесшіге хабарласыңыз да, өзгеріс талап етіңіз. Алға, Ирландия үшін!», – деп үндеу жасады 37 жастағы спортшы.
Айта кетейік, Макгрегор UFC-де соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде октагонға шыққан. Ол кезде ирландиялық файтер америкалық Дастин Порьеге бірінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберген. Макгрегордың кәсіби рекорды – 22 жеңіс және 6 жеңіліс.
Фото: Reuters.