Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Отандасымыз ширек финалда польшалық Джулия Шереметамен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында қарсыластар бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты. Нәтижесінде жеңіс польшалық боксшыға берілді.
Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы да оңай болған жоқ. 2024 жылы Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған еді.
Карина Ибрагимова 1996 жылы дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2018, 2022 жылы қола жүлдеге қол созды.
Ал 2022 жылы Азия чемпионы атанды.
Фото: Қазақстан ҰОК.