Шотландияның «Хартс» атты клубына ауысқан Ислам Чесноков демалыс күні жаңа командасының сапындағы алғашқы бәсекесіне қатысуы ықтимал, деп жазады Аладоп.kz.
«Оның команданы күшейтетініне күмәнім жоқ. Сол қапталда грек ойыншысы Александрос Кизиридис бар, ол қазірдің өзінде айтарлықтай қауіп төндіріп жүр – өз қапталынан орталыққа қарай ығысып, қақпаға соққы жасайды. «Хартс» клубы Чесноков та оң қапталда дәл осылай ойнап, шабуылды одан әрі қауіпті етеді деп үміттеніп отыр. Кеше бас бапкер Дерек Макиннеспен сөйлестім, оған Исламның ойыны қатты ұнаған. Оның пікірінше, Чесноков жексенбі күні «Дандиге» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін», – деді Р. Мартин өз ойын түйіндеп.
Ислам Чесноков ресми түрде «Хартс» жейдесін киді
Фотода: Ислам Чесноков.














