• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ойбай, 18+

«Ішіп кетті». Ильин Өтешов туралы шындықты ашты

Илья Ильин Бейжің мен Лондонда иеленген алтын медальдарын қайтарып алғысы келеді

19/08/2024
in Ойбай, 18+, Ұзынқұлақ
0 0
0
«Ішіп кетті». Ильин Өтешов туралы шындықты ашты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин Алмас Өтешовпен қарым-қатынасы туралы айтып, әріптесінің соңғы он жылда ішімдікке әуес болғанын атап өтті. Белгілі спортшы Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында көптеген жағдайлардың бетін ашып, бүкпесіз әңгіме өрбітті, деп жазады 1bol.kz.

«Алмас Өтешов — менің досым. Екеуміз кезінде бірге жаттықтық. Бір командада болып, маған қолдау білдірген жандардың бірі. Өмірде бір сәттерде қиындыққа тап болатын кезеңдер болады. Алмастың осындай күйге түскені өкінішті. Ол 10 жыл бойы ішімдікке үйір болды. Өзі берген сұхбатында көптеген шындықты айтты. Өкпе-реніші де бар. Алмас өзінің жан дүниесіндегі айқайды қоғамға жеткізгізісі келеді. Досым қазір клиникада ем қабылдап жатыр. Жағдайы жақсы. Біздің қоғам оған барын берді, көмектесті, бірақ оны ол көтере алмады. Сол кездері одан теріс айналған жоқ. Сондықтан ол екеумізге қоғамның кінә артпағанын қалаймын. Алмас ақылға келіп, ішімдік ішуден бас тартса — бұл біздің жеңісіміз екені даусыз. Жақын күндері ем алу процесі аяқталған соң бейнежазбаға түсіріп, оны жариялайтын боламын», — деді Ильин.

Сұхбатта Илья Ильин өзінің допингке байланысты кері қайтарған медальдары туралы да айтты. Спортшы өзінің өкінішіне айналған жағдай туралы үнемі қалың ойға берілетінін алға тартты.

«28 жасымда Олимпиадада иеленген екі медальды тартып алған кезде не істерімді білмегенім рас. Мұндай оқиға менің өмірімде алғаш рет болды. Сөйтіп федерациядан заңгер сұрап, әрі қарай күрескім келді. Ол тарап қаржыландыру мәселесі бойынша ұзақ күтіп, кейін заң жағынан көмектесті. Негізі аяғына дейін бара алмадым, күреспедім. Себебі, өзімді құрбан ретінде көрсетіп, аянышты болғым келмейді. Бірақ сол кезде қасымда бағыт беретін мықты адам болмай, жалғыз қалдым. Бәрі де бірауыздан «ой, шыда» дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Швейцариядағы заңгерлерге де бардым. Бірақ ештеңе істей алмайтынын жеткізді. Кейде Бейжің мен Лондон Олимпиадасында иеленген алтын медальдарымды қайтарып алуды ойлаймын. Жеңілсем де өмір бойы күресіп өтетін шығармын», — деді ауыр атлет сұхбат барысында.

Таяуда белгілі ауыр атлет Алмас Өтешов допинг мәселесіне қатысты сұхбат беріп, кезінде ұлттық құрама сапында жүргенде тыйым салынған дәрілік препараттарды қолданғанын ашық мойындады. Ол бұл мәселенің ақшамен шешілгенін де жасырмады. Сондай-ақ, егер сол уақытта тыйым болмағанда Рио Олимпиадасында Қазақстан ауыр атлеттері жоғары нәтижеге жетуі мүмкін екенін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильин 2016 жылы Қазақтан ауыр атлеттерімен бірге айыпталып, Олимпиада ойындарында иеленген медальдарын кері қайтарып беруге мәжбүр болды. Олардың қатарында Лондон Олимпиадасының чемпионы атанған Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светалана Подопедова сынды ауыр атлеттер де бар.

Фото: Видеодан кадр

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына бас бапкер тағайындалды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына бас бапкер тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In