Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында кезекті ойын күні мәресіне жетті.
Бұл күні өскемендік «Торпедо» өз айдынында рудныйлық «Горнякты» 4:2 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде олар қатарынан сегізінші мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті.
Тағы бір кездесуде қарағандылық «Сарыарқа» петропавлдық «Құлагерді» 4:2 есебімен жеңсе, астаналық «Номад» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді 6 қазанда командалар тағы бір ойын өткізеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын өскемендік «Торпедо» шайбалы хоккейден 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды.
Финалдық ойында олар Қарағандының «Сарыарқа» командасынан 4:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде кубокты төбесіне көтерді.
Топтық кезеңде командалар Өскемен және Қарағанды қалаларында шеберлік байқасты. Топтық кезеңнен кейін жартылай финал ойындары жалғасты. Онда топта бірінші орын алған командалар екінші топтағы екінші орындағы ұжымдармен финал жолдамасын сарапқа салды.
Фото: «Торпедо» хоккей клубы.