«Мен оның есімін атағым да келмейді. Бұл жазаның бір түрі. Бірақ ол сонда да тоқтайтын емес. Қарттарға, әйелдерге қатысты оқиғалар, ішімдік, есірткі – мұның бәрі жаза. Дегенмен Алла жаратқан әр пендесіне қайта оралуға мүмкіндік береді. Бұл өмірде тәубеге келуге, өзгеруге мүмкіндік бар. Оның да осындай мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Бірақ ол үшін алдымен өмір салтын түбегейлі өзгертуі керек.
Мен мұны неге айтып отырмын? Себебі ол шын мәнінде өзгеретін болса, өз өмірімен қоса, басқалардың да өміріне оң әсер ете алатын еді. Өзгеруіне тілектестік білдіретінім де сондықтан. Ал егер ол өзгермесе, бұл өмірде де, арғы дүниеде де жазаланатыны анық», – деді Нурмагомедов Нью-Йоркте өткен іс-шара кезінде.
Айта кетейік, Хабиб пен Конор 2018 жылдың күзінде октагонда жолығып, ресейлік спортшы ирландиялық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңген.
37 жастағы Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың жазында, UFC 264 турнирінде жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы америкалық Дастин Порье болған. Бірақ Конор аяғын ауыр жарақаттап алып, техникалық нокаут тіркелді.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын 2020 жылы аяқтады. Ол 29 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, кәсіби мансабын мінсіз рекордпен тәмамдады.
Фото: ашық дереккөзден.