Афины қаласында (Грекия) жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт комитетінің баспасөз қызметі.
Екінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесі:
Әділбек Мусин, баттерфляй (100 метр).
Уақыт көрсеткіші — 52.56 секунд
Аделаида Пчелинцева, брасс (50 метр).
Уақыты — 31.87 секунд
Айбат Мырзамұратов, брасс (50 метр).
28.05 секунд
Максим Сказобцов, баттерфляй (100 метр).
53.61 секунд
8 елден үздік 680 атлет қатысып жатқан дода 4 мамырда аяқталады.
Фото: 24.kz.